Құрметті, Мақпал Арапқызы!
Сізді Дауқара орта мектебінің ұжымы мен шәкірттері үлкен құрметпен зейнет демалысына шығарып салуда. Ұстаздық жолдағы ұзақ жылғы еңбегіңіз, шәкірт тәрбиелеудегі табандылығыңыз бен мейіріміңіз – бәріміз үшін өнеге.
Сіз сан жылдар бойы талай шәкірттің жүрегіне білімнің шырағын жағып, өмір жолына бағыт-бағдар бердіңіз. Әр оқушыңызға анадай қамқорлық танытып, әріптестеріңізге сыйлы бола білдіңіз. Сіздің есіміңіз Дауқара орта мектебінің тарихында ізгілік пен адал еңбектің белгісі болып қала береді.
Бүгінгі мерейлі сәтте Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағыңызға шаттық пен береке тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, бала-шағаңыздың қызығына бөлене беріңіз. Зейнеттің әр күні қуанышқа, тыныштық пен бақытқа толы болсын!
Құрметпен,
Дауқара орта мектебінің ұжымы





