"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Официальный интернет-ресурс

"Ана тілім - жүрегім" атты мәнерлеп оқу байқауы

Previous Next

Тілдер мерекесіне орай бастауыш сынып мұғалімдері “Ана тілім - жүрегім” атты 1-4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайыс барысында оқушылар қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқып, өздерінің сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін, туған тілге деген құрметін көрсетті. Шараға қатысқан әрбір жас оқырманның жүрек тебірентер әсерлі орындаулары көрермендерге рухани азық болды.

 
Байқаудың басты мақсаты– оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, тіл байлығын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
 
Қазылар алқасы оқушылардың өнерін мазмұнды оқуына, дауыс мәнері мен сахналық мәдениетіне қарап бағалады.Қорытынды бойынша Қаратай Айлана 1-орынды қанжығасына байлады.
Записаться на прием