"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Официальный интернет-ресурс

9 мамыр – Жеңіс күніне орай мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары ауылымызда орналасқан соғыс ардагерлерінк арналған ескерткішке барды.

Previous Next
9 мамыр – Жеңіс күніне орай мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары ауылымызда орналасқан соғыс ардагерлерінк арналған ескерткішке барды.
Шара барысында батыр аталарымыздың рухына гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздікпен еске алынды. Оқушылар майдангерлердің өшпес ерлігі жайлы жүрек тебірентерлік отты жырларын оқып, ерлік пен елдіктің сабақтастығын паш етті.
Біз бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміздің алдында мәңгілік қарыздармыз. Олардың есімі ешқашан ұмытылмайды! Соғысты көрмеген ұрпақ, соғыстың зардабын ұмытпауы тиіс. Бүгінгі ашық аспан, тыныштық – сол бабаларымыздың қанымен, жанымен келген баға жетпес сый.
Записаться на прием