“Ерлік – елге мұра” атты фотокөрме 
9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында мектеп кітапханашысы Мажикеева Ж.Н-ның ұйымдастыруымен мектебімізде орналасқан музейде тағылымды фотокөрме өтті.
Көрменің басты мақсаты – жас ұрпаққа соғыс жылдарының қасіретін ұмыттырмай, бейбіт күннің қадірін ұғындыру.
Фотокөрме барысында оқушыларға Дауқара ауылынан аттанған майдангерлер жайлы тың деректер берілді. Сарғайған суреттерден аталарымыздың қайсар жүзіне қарап, олардың жүріп өткен жауынгерлік жолымен танысты. Әрбір фотосурет – тұнып тұрған тарих, өшпес ерлік шежіресі.
Кітапханашы Ж.Н. Мажикеева батыр бабаларымыздың ерлігін баяндап, оқушылардың бойына отансүйгіштік сезімін ұялатты.
Бабалар аманатына адал болайық! Жеңіс туы желбірей берсін! 





