Мектебімізде “Тілдер фестивалі” өтті. Фестивальға 5-10 сынып оқушылары қатысты.
5-сынып - қырғыз халқы;
6-сынып - орыс халқы;
7-сынып - қазақ халқы;
8-сынып - украин халқы;
9-сынып - өзбек халқы;
10-сынып - ағылшындар.
Сайыстың бірінші бөлімінде оқушылар әрбір ұлттың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық киімін, тағамын таныстырды.
Екінші “Сөз байлығы” бөлімінде белгілі бір тақырыпта 2 минут ішінде үш тілде сөздер жазу берілді.
Сайыстың қорытындысын әділ қазылар шығарды. Қорытынды бойынша
1 орынды 9-сынып - өзбек халқы, 2 орынды 8-сынып - украин халқы, 3 орынды 6-сынып - орыс халқы иеленді.