"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Официальный интернет-ресурс

 25 мамыр – мектебімізде «Соңғы қоңырау» мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді.

Previous Next
 25 мамыр – мектебімізде «Соңғы қоңырау» мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді.
Мерекелік іс-шара барысында мектеп директоры Сердалина А.С. барша оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, білім мен тәрбие жолында жетістікке жеткен оқушыларға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, оқу жылы бойы үздік нәтиже көрсетіп, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан үздік оқушылар мен ұстаздарға арнайы Алғыс хаттар табыстап, олардың еңбегі мен жетістіктерін ерекше атап өтті.
Айыртау ауданы полиция бөлімінің полиция майоры Құнанбаев И.А. арнайы қатысып, оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында жол қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, 1–10 сыныптарда «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және тәртіп мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Записаться на прием