«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Айыртау ауданының білім бөлімі» КММ «Дауқара орта мектебі» КММ
2026 жылының 1 ауысымда мемлекеттік қызметтер көрсету туралы АҚПАРАТ
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштер қабылданған жоқ.
Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 27 мамырдан басталып, 2026 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz. веб-порталы немесе Mektep smart Nation порталы арқылы тапсыра алады. Балалар 1 сыныпқа 6 жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге № 065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың 2 дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2 өтініш қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 3 педагог модератор санатына, 1 педагог сарапшы санатына өтініштерін беріп, Ұстаз платформасына құжаттары жүктелді.
«Жалпы білім беретін мектептерде жеке кәсіпкер «Гүлден» Шамғанова Арай Қабиденқызының ұйымдастыруымен 100 пайыз оқушылар мен тәрбиеленушілер ыстық тамақпен қамтылған. Оның халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасыларынан 4 оқушы, 1-4 сыныптардан 7 оқушы, әр түрлі санаттағы 20 оқушы жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Жалпы тегін ыстық тамақпен 31 оқушы қамтылған.
Мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпаратты мектебіміздің 1 қабатында орналасқан стендтен алуға болады. Онда мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарының үлгілері көрсетілген және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
«Дауқара орта мектебі» КММ директоры
Сердалина Алмагүл Сәбитқызы
Тел. 87153354622





