Дауқара орта мектебінде 1-10 сыныптар арасында валюта күніне орай “15 қараша – Ұлттық валюта теңге күні” тақырыбында сынып сағаттары өтті. Іс-шара барысында оқушыларға теңгенің шығу тарихы, ұлттық валютаның еліміздің экономикалық тәуелсіздігін нығайтудағы маңызы жайлы ақпарат берілді. Сонымен бірге, оқушылар арасында қызықты викториналар, сұрақ-жауаптар өткізіліп, ұлттық рәміздерге деген құрмет пен қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған танымдық тапсырмалар орындалды.
#Адал_азамат





