"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Официальный интернет-ресурс

02.12.2025 ж. бастауыш сынып мұғалімі Жахиена А.А. математика пәнінен «Өнімділік» тақырыбында ашық сабақ өткізді

Previous Next

02.12.2025 ж. бастауыш сынып мұғалімі Жахиена А.А. математика пәнінен «Өнімділік» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың өнімділікке байланысты есептерді шешу дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлауын дамыту және математикалық тілде сөйлеуін қалыптастыру болды.

 
Сабақ барысында мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. Қазіргі заман талабына сай жасанды интеллект (ЖИ) элементтерін пайдалана отырып, жұптық тапсырмалар, жеке есептер орындалды және көрнекіліктер арқылы түсіндіру сияқты жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, сабаққа жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті. Олар қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, тақырыпқа қатысты өз білімдерін еркін көрсете білді.
 
Жалпы ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артқаны байқалды, оқу мақсаты толықтай орындалды.
Записаться на прием